Абай облысының бірқатар ауданындағы бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті білім басқармасы таратқан мәліметке сәйкес Абай облысының Бесқарағай, Көкпекті аудандарында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды. Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.