• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2022

2023 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

25252 рет
көрсетілді

Келесі жылы қазақстандықтар үшін мерекелер саны қысқарады, деп жазады Egemen.kz.

2023 жылы мерекелердің көбі аптаның ортасына келеді, сондықтан ұзақ демалыс күндері өте аз болады.

Келесі жылы бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 245 жұмыс және 120 демалыс күндері бар. 

Ең ұзақ демалыс күндері:

Қаңтарда Жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар;

Наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз;

Сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр;

Шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде;

Желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.

2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі, 7 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, қосымша демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусымға сәйкес келмек.