• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Желтоқсан, 2022

Елордада автобус тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

454 рет
көрсетілді

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы келесі жылы автобус тапшылығы мәселесін шешуге уәде беріп отыр. Бұл туралы мәслихат отырысында басқарма басшысы Жансұлтан Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қалада автобустардың жетіспеушілігіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсетінін бәрі біледі. Осы орайда елордада автобустар саны қаншалықты артады?», деп сұрады мәслихат депутаты Динара Оразалина.

Көлік басқармасының басшысы қазіргі уақытта қалада автобус тапшылығы байқалатынын растады.

«Қалада 400 жаңа автобус жетіспейді. Бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Келесі жылы бұл мәселені толық жоспарлап отырмыз», деп сендірді Жансұлтан Сапарбаев.

Оның айтуынша, келесі жылы елордада 8 жаңа бағыт, 24 қала маңындағы бағыт пайда болады.

«Сондай-ақ 6 жаңа бағыттағы есеп айырысу тарифтері өзгерді. Егер бұрын 248 теңге болса, қазір 300 теңге. Жалпы бізде 89 маршрут бар, оның 25-і қала маңында жүзеге асырылады», деді Жансұлтан Сапарбаев.