• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Желтоқсан, 2022

«Сергек» көліктік бақылау қызметінде пайдалануы мүмкін

188 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен өткен отырыс барысында ішкі істер органдарының еліміздің қалаларындағы автожолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу бойынша жұмыс тәжірибесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Статистикаға сәйкес соңғы 4 жылда елімізде 55 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 60 мыңнан астам адам зардап шеккен, тағы 8 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Бұл ретте «Сергек» аппараттық-бағдарламалық жүйесі енгізілген сәттен бастап, еліміздің жолдарында өлім-жітімнің 50%-дан аса төмендеуі байқалып, қоғамдық орындардағы қылмыс айтарлықтай азайған.

Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін төленетін айыппұлдардың есебінен бюджетке 50 млрд теңгеге жуық қаражат түскен.

Аталған заманауи жүйенің жұмысындағы оң нәтижені ескере отырып, ҚР ИИДМ көліктік бақылау қызметтерін автоматтандыру мақсатында осы технологияны пайдаланудың мүмкіндігін қарастырып отыр.

Қазір ведомствомен «Астана-Теміртау» жолдарында қанатқақты жобаны іске асыру үшін «Көркем телеком» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Министрлік өкілдері жобаның ірі көлемді және ауыр салмақты автокөліктердің қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықты, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті автоматты түрде анықтап, көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау арқылы жол төсемінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізуге септігін тигізетінін айтты.