Ұлттық банктің ақша айналымы бойынша қолма-қол ақша департаментінің директоры Арман Әдібаев Қазақстаннның теңге сарайы мен банкнот фабрикасы алыс-жақын елдердің ер өз қажеттіліктері үшін банкноттар мен монеталарды шығаруға мүмкіндік беретінін айтты.
«Қолма-қол ақша мен құндылықтарға арналған логистикалық бірліктердің жаңа форматын, сондай-ақ GS1 халықаралық стандарты негізінде автоматты сәйкестендіру құралдарын (штрих-кодтар, RFID белгілері және т.б.) және электронды деректер алмасуды енгізу жоспарлануда. Бұл жаңа технологиялық деңгейде екінші деңгейлі банктермен өзара іс-қимыл жасауды көздейді», деді А.Әдібаев.
Сондай-ақ коллекционерлер үшін қымбат емес металдардан қол жетімді коллекциялық монеталардың жаңа сегментін соғу жоспарлануда.
«Бұл ретте алтын және күміс монеталардың эмиссиясы жалғасады. Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қарқынды дамуына қарамастан, қолма-қол ақша Қазақстан халқы үшін әлі де маңызды төлем құралы болып табылады, ал республикада тиімді қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады», деп атап өтті департамент басшысы.