• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2023

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

241 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы облысындағы Түрген өзенінің шатқалының бойында қар көшкіні жүрді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар көшкінінен кейін апатты жерді визуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді.

«Зерттеу қорытындысы бойынша Түрген ауылы – Батан кентінен 16 шақырым жерде өздігінен қар көшкіні түскені анықталды. Қар көшкіні Түрген – Батан жолын жауып тастады. Құрбандар мен қираулар жоқ», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінен.

Қар көшкінінің ұзындығы - 40 м, ені - 6 м, биіктігі - 1,8 м, көлемі – 432 текше метр.

Жолды тазарту үшін төтенше жағдай орнына екі техника (фронттік жүк тиегіш, «Патриот» УАЗ) және бес адам жіберілді.