Өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
14 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.