• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2023

Түркістан облысының тауларында 12 адам жоғалып кетті

315 рет
көрсетілді

Түркістан облысының тауларында жоғалған 12 адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ іздеу жұмыстарын тікұшақ арқылы жалғастыратынын мәлімдеді.

Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан. Өтініш иесінің айтуынша жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына оралуы қажет еді.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескертулерге құлақ асуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар