• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 05 Қаңтар, 2023

Оралдық ғалымдар «Болашаққа» барады

277 рет
көрсетілді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үш оқытушысы шетелде кадрлар даярлау бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Олар енді шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Университет құрамындағы «Политехникалық институт» директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Сәбина Хайруллина мен «Агротехнология институтының» доценті міндетін атқарушы, PhD докторы Арайгүл Жұмаева Беларусь еліндегі мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде ғылыми тәжірибе толықтырады. Сәбина Ғұмарқызы «Ауылшаруашылығы техникасын дамыту мен ауылшаруашылығын цифрландырудың өзекті мәселелері» бағыты бойынша алты ай білімін жетілдірсе, Арайгүл Қажмұқанбетқызы «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бір жыл іс-тәжірибесін толықтырады.

Ал «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының аға оқытушысы, магистр Айнұр Дәулетова К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында мал шаруашылығы, соның ішінде құс шаруашылығы бағытында алты ай ғылыми тағылымдамадан өту үшін Ресейге жол жүреді.

Айта кетейік, бұған дейін де Жәңгір хан университетінің қос ғалымы «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алған болатын.

 

Батыс Қазақстан