• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 06 Қаңтар, 2023

Доллар 3 теңгеге арзандады

309 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 463,31 теңгені құрап, бірден 2,53 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да төмендеп, 67,57 теңгені (-0,12) құрады.

Кешегі сауда-саттықта Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,48 теңгені құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 494,91 теңге, рубльді - 6,53 теңге деп белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 464-468 теңгеден, еуроны - 488-494 теңгеден, ресей рублін - 6,2-6,5 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар, 6 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама өсті.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Наурыз айындағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 1,03%-ға көтеріліп, барреліне 79,50 долларды құрады.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің ақпан айындағы бағасы 1,07%-ға өсіп, барреліне 74,46 долларға жетті.