Үш өңірде республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскелері автокөлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қостанай облысында да республикалық маңызы бар барлық күре жолдар ашық тұр.