14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Алматы-2 - Петропавл бағытындағы №105/106 «Тальго» пойызының құрамы рейстер жиілігін азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тальгоның жөндеу жұмыстарына байланысты 2023 жылдың 14 қаңтарынан 6 наурызына дейінгі кезеңде қозғалыс жиілігі (екі күн сайын) екі есеге қысқарады.
Пойыздың жүру жиілігі:
- Қаңтар айында Алматыдан тақ күндері бойынша, ақпан/наурызда – жұп күндері бойынша;
- Қаңтар айында Петропавлдан жұп күндерде, ақпан/наурызда – тақ күндер бойынша жүреді.
«Теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, бұған дейін тоқтатылған рейстерге жол жүру құжатын рәсімдеген жолаушылардың билет құны толығымен қайтарылады», деп хабарлады ведомстводан.