• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Қаңтар, 2023

Елімізде 43 градусқа дейін аяз болады

337 рет
көрсетілді

Синоптиктер 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.

«Ауа температурасы батыста түнде 27-35 градус, күндіз 15-25 градус аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 градус аяздан 20-30 градус аязға дейін, күндіз 27-35 градустан 13-22 градусқа дейін, орталықта түнде 35-40 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 25-30 градус аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 градус аязға дейін көтеріледі, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аязға дейін төмендейді деп болжанды», делінген хабарламада.