• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қаңтар, 2023

Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді

329 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айынан бастап қайталама тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды. 2022 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін пәтерлерді қайта сату 1,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Астанада тұрғын үй бағасы 5,1%-ға, Шымкентте 2,7%-ға және Ақтауда 1,6%-ға төмендеді.

Желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.

Алайда жаңа тұрғын үйді сату бағасы керісінше 0,4%-ға өсті.

Жалпы алғанда, бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 15,6%-ға өсті.

2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға өскен.

Өңірлерде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жылда Ақтөбеде 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.