Жексенбі күні кешке Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының Кила Сайфулла ауданында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып жеті адам қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандар мен жараланғандар жергілікті ауруханаға жеткізілген.
«Қаза болғандар саны артуы мүмкін, себебі жарақат алған кейбір науқастардың жағдайы ауыр», дейді дәрігерлер.
Пәкістанда жол апаты жиі болып тұрады, бұған себеп - көліктерге нашар техникалық қызмет көрсету, тозығы жеткен жолдар мен жол қауіпсіздігі ережелерін елемеу.