9 қаңтарда Алматыдағы «Арлан» базарының аумағында контейнерлер өртенді. Оқиға орнына жоғары шендегі ТЖД қызметкерлері жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 16:55-те Алатау ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 92/7 мекенжайына 60-тан астам қызметкер мен 16 техника жіберілді.
«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде «Арлан» базарының аумағында алдын ала 100 шаршы метр аумақта контейнерлер жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіруге арналған саптамалар әкелініп, көрші контейнерлерді қорғаумен қатар, аумаққа жедел штаб жұмылдырылды. Нысан толығымен тоқ көзінен ажыратылды», делінген хабарламада.