Сырқатына дауа іздеген жанның бәрі дәрігерден көмек күтетіні даусыз. Атырау облыстық кардиология орталығында сондай сырқаттың біріне жасалған күрделі операция сәтті өтті.
Орталық дәрігерлері бұл науқаста аневризманың жарылу, ағзаларда ишемия мен ішперде қуысында некроз қаупі туындағанын анықтады. Сол себептен, Атырауға Ұлттық ғылыми онкология орталығы дәрігерлерінің арнайы бригадасы келді. Оның құрамында білікті дәрігерлер, профессор Тоқан Сұлтанәлиев пен медицина ғылымдарының кандидаты Серік Сүлейменов бар. Елордалық дәрігерлер тобы жергілікті кардиология орталығының мамандарымен бірге висцералдық артерияларды реконструкциялап, аневризманы кесу операциясын жүргізді.
– Операция кезінде торакофренолумботомия жасалды. Содан кейін ішперде қуысының аортасы мен висцералдық тамырлардың аневризмалары оқшауланды. Қысқыштарды салғаннан кейін аневризма алынып тасталды. Аортада проксималдық анастомоз пайда болды. Бұдан соң жоғары шажырқай мен бауыр артериялары күйдіріліп, тігілді. Операциядан кейін бірден экстубация жасалды, – дейді операция жасаған дәрігерлер.
Олардың айтуына қарағанда, сырқатта операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өткен. Науқас жетінші күні үйіне шығарылды. Енді одан әрі қалпына келу процесі жүріп жатыр. Мұндай күрделі операцияның жергілікті дәрігерлер үшін маңызы зор. Біріншіден, біліктілік арттыратын шеберлік сағатындай болғаны жасырын емес. Екіншіден, орталық дәрігерлері осындай операцияны өздері өткізетіндей тәжірибе жинады.
Атырау облысы