Өткен тәулікте 120 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 267+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 2 151 науқас амбулаториялық деңгейде.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.