«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры болып 2019 жылдан бастап Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұрсейіт Жомартұлы Сүйінов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрсейіт Сүйінов Ш.Есенов атындағы КМИТУ-да тау-кен инженері, мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша білім алған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз «БӨ» АҚ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «Оралойлэндгаз» ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған.