• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қаңтар, 2023

Армения ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тартты

204 рет
көрсетілді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2023 жылғы оқу-жаттығуларын өткізу орынсыз деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Арменияның Қорғаныс министрі ҰҚШҰ-ның Біріккен штабына биыл оқу-жаттығуларын өткізу орынсыз деп санайтынымызды хабарлады», деді Пашинян баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҰҚШҰ бітімгершілік контингенттерінің «Бұзылмайтын бауырластық» оқу-жаттығуларын Арменияда өткізу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.