• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қаңтар, 2023

Францияда зейнет жасы көтерілуі мүмкін

274 рет
көрсетілді

Францияда зейнет жасын 62-ден 65-ке дейін ұлғайту мәселесі талқыланды. Бұл мәселені елдің премьер-министрі Элизабет Борн FranceInfo радиосында көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Борнның айтуынша, 2030 жылға дейін елдегі зейнетақы жүйесі толығымен реформаланады. Қазірдің өзінде зейнет жасын ұлғайту мәселесі өзекті болып отыр.

Бұл ретте француздардың басым бөлігі, атап айтқанда 54%-ы зейнет жасын көтеруге қарсы екендігі анықталды.

Бүгінде Францияда жеке сақтандырылған адам үшін ең төменгі зейнетақы мөлшері ең төменгі жалақының 75%-ын немесе айына шамамен 1015 еуроны (502 222 теңге) құрайды. Үкімет бұл соманы 85%-ға немесе айына 1200 еуроға (593 760 теңге) дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 61 жастан зейнеткерлікке шығару туралы заңға қол қойды.