• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Қаңтар, 2023

Боран сынаған отбасы

328 рет
көрсетілді

2 қаңтар. Ақ түтек боран. Қар белуардан. Семейден келген демалу­шылар Қазымбет ауылынан 6 шақырым жердегі алты ай жаз қайнап жататын омарта шаруа­шылығына серуендеп қайтпақ болып, мотошаңғымен жолға шық­қан. Отбасылы үш демалушылардың бірі 9 жастағы қыз бала еді...

Боранды күні ауыл арасын қойып, ауыл ішінде адасып кетіп жатқандарды да естігенбіз. Оның қасында далалы жерде қауіп екі есе. Төрт күн өтіп, демалушылардан хабар болмаған соң 5 қаңтар­да туысқандары Үржар ауданы әкімдігінен көмек сұрайды. Аудан басшылығы жедел штаб құрып, Тарбағатай ұлттық паркінің директоры міндетін атқарушы Қалдыбек Сәрсембаевпен ақылдаса келе, парк қызметкерлерін іздеуге жіберуді жөн көреді. Қалай дегенмен, инс­пекторлар маңайдың ой-қырын жақсы біледі ғой.

Тапсырманы құп алған парк қызметкерлерінің бірі мотошана мініп, енді бірі шаңғы байлап, түскі сағат он екілерде омарта бетке алысқан. Бұл күні де боран бәсеңдей қоймаған еді. Бет қаратпайды, жүріс өндімейді. Он-он бес минутта жетіп баратын омартаға орманшылар кешкі жетіде бір-ақ ілінген. Сөйтсе, демалуға келген отбасы қожалыққа жетуін жеткенмен, қар құрсауына қамалып, кері қайта алмаған екен. Қар басқан таулы жерде қыбыр еткен жан, көлденең із байқалмаған соң жолға шығуға да тәуекел етпеген. Оның үстіне, телефон байланысы да жоқ еді. Инспекторлар жете сала рация арқылы жағдайды баяндап, алаңдаулы туыстарын бір қуантқан. Ал, өздері демалушыларды алып, жолға ертесі күндіз бірақ қамданған еді.

Жалпы, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері боран-шашынды күні жолға шықпау керектігін қанша ескерткенімен, кейбіреу құлақ аса бермейді. Құлақ аса бермеген соң оқыс оқиғаларға тап болып жатады.

 

Абай облысы,

Үржар ауданы