Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Мәскеуде өтіп жатқан ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі отырысының шеңберінде Беларусь қорғаныс ведомствосының басшысы Юрий Жадобинмен кездесті.
Тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты бұдан әрі нығайту, Қарулы күштерді қару-жарақпен және әскери техниканың қазіргі заманғы жүйелерімен қамтамасыз ету, әскери білім беру және кадрлар даярлау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы, сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ҰҚШҰ консультативтік қызметтерін іске асырудағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер болып табылады.
«Егемен-ақпарат».