• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Қаңтар, 2023

​​Еркін Ахинжанов Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісі болып тағайындалды

322 рет
көрсетілді

Бүгін бірнеше мемлекеттегі Қазақстан елшілері тағайындалды. Олардың ішінде Оңтүстік Африка Республикасындағы елші де бар, деп жазады Egemen.kz.

Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып, Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Ол 1968 жылдың 28 қыркүйегінде Алматы қаласында туған. 1992 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген.  

1992 жылы – Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің ағылшын тілі оқытушысы.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы ҚР СІМ Консулдық басқармасының референті қызметінен бастаған.  

1994-2005 жылдары Қазақстан СІМ орталық аппаратында, сондай-ақ Үндістандағы ҚР Елшілігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.  

2005 жылы ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2008-2009 жылдары ҚР СІМ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы департаментінің директоры болды.  

2009-2011 жылдары ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары болған.

2011-2012 жылдары – Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары.  

2012-2014 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры болды.  

2014-2017 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2017-2018 жылдары Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары болды.  

Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі болды.

Айта кетсек, ​​Еркін Ахинжанов I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.