Соңғы тәулікте 138 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, тағы 5 адам коронавирустық пневмония жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды.
Сондай-ақ 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) ем қабылдап жүр, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.