• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Білім 12 Қаңтар, 2023

Лицензиясыз жұмыс істеген 34 мектепке айыппұл салынды

404 рет
көрсетілді

Лицензиясыз жұмыс істеген 34 мектепке айыппұл салынды. Жаңа қызметіне кіріскен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда бірде-бір мектеп лицензиясыз жұмыс істемеуі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Білім беруді дамытудың маңызды құралы - сапаны бағалау. Ең маңыздыларының бірі - мемлекеттік аттестаттау. Соңғы 5 жылда мемлекеттік аттестаттау өткізілмегені баршаға мәлім. Нәтижесінде білім беру қызметтерінің сапасына шағым білдірушілер саны артқанын байқадық. Мемлекеттік аттестаттау қайта басталды, ол мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бармай-ақ жаңа форматта өткізіледі», деді министрі ведомство алқасының отырысында.

2022 жылы 2 363 ұйымда мемлекеттік аттестаттау рәсімі өтті. Оның 77%-ы бірден аттестат ала алмаған. Бұл - Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Ақмола, БҚО, Қарағанды, Түркістан және Алматы облыстарындағы ұйымдар.

«Мектептер мен колледждерді лицензиялау кезінде бірқатар мәселе туындайды. Мұндағы мәселе - құжаттарды дұрыс ресімдемеу. 34 мектепке лицензиясыз білім беру қызметі үшін айыппұл салынды. Лицензиясыз бірде-бір мектеп жұмыс істемеуі тиіс», деді министр.