• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қаңтар, 2023

Солтүстік Америка көшбасшылары Мексикада кездесті

438 рет
көрсетілді

АҚШ, Канада және Мексика басшылары Мехикодағы Солтүстік Америка елдерінің саммитіне қатысып, халықаралық сауда, заңсыз көші-қон және аймақтық мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ президенті Джо Байден, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор және Канада премьер-министрі Джастин Трюдо энергетикалық мәселелерді шешу, климаттың өзгеруінің әсерін азайту, пандемиядан келетін қауіптің алдын алу, аймақтық стратегияны қалыптастыру жағдайын талқылады.

АҚШ Канаданы Гаитидегі халықаралық миссияны басқаруға көмектесуге шақырды. Байденнің айтуынша, бұл Кариб теңізі аралдарындағы мемлекеттерге гуманитарлық дағдарысты шешуге көмектеседі.

Саммит барысында АҚШ пен Мексика басшылары заңсыз мигранттармен күресу стратегиясын талқылады. Тек 2022 жылдың өзінде Америкада 2,3 миллионнан астам заңсыз мигрант тіркелген.

Сондай-ақ кездесу барысында Мексика президенті Андрес Мануэль Джо Байденді Латын Америкасындағы саяси-әлеуметтік жағдайларға назар аударуға, әсіресе көші-қон дағдарысын шешуге шақырды. Өз сөзінде Андрес Мануэль америкалық жұмыс берушілерді құжатсыз жүрген мексикалық мигранттарға әр түрлі салаларда жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік беруін сұрады.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ