АСТАНА. 11 мамыр. Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумында (EHELF) Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова елімізді жеделдете дамытуға бағытталған 45 ғылыми жоба дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Форумда Гүлшара Әбдіхалықова : «Қазірдің өзінде Назарбаев университетінде жаңартылатын энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, роботтехникасы және физика сияқты бағыттар бойынша 45 ғылыми жоба әзірлену үстінде», – деді.
Оның айтуынша, ғылым мен бизнес берік байланысы орнатса ғана, мемлекет қарқынды даму жолына түсе алады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: news.ivest.kz.