• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Сайлау 14 Қаңтар, 2023

Бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді

314 рет
көрсетілді

2023 жылғы 14 қантарда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтарын сайлайды. 

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі. 

Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген. 

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар