Павлодар облысы бойынша Естай атындағы мәдениет сарайында өткен депутаттардың бірлескен отырысында аудандық, қалалық және облыстық мәслихат өкілдері Сенат депутатын таңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Басым дауысқа ие болған Ернұр Әйткенов Жоғары палатаға жолдама алды. Атап айтқанда, 148 депутат Ернұр Әйткеновті, 21 депутат Динара Айтжанованы қолдады. Бір депутат «Барлығына қарсымын» деген жолаққа белгі қойған.Ендігі ретте сайлау нәтижесі Орталық сайлау комиссиясына беріліп, кейін тіркеуден өтеді.Айта кетелік, Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайында ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтті. Жоғары палатаның депутаты атанатын азаматты өңірдегі барлық деңгейлі 14 мәслихаттың депутаттары таңдады.Жалпы, аймақта 187 депутат бар. Бүгінгі саяси науқанға олардың 170-сі қатысты.