• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қаңтар, 2023

Литва-Латвия газ құбырында жарылыс болды

177 рет
көрсетілді

Литва мен Латвияны жалғайтын газ құбырында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Amber Grid газ тасымалдау жүйесінің литвалық операторы мәлімдеген. 

Хабарламаға сәйкес, оқиға 13 қаңтар, жұма күні кешке Литваның солтүстігіндегі Паневежис уезінде болған. 

Құрбандар мен қираған нысандар жоқ. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Жарылыс аймағындағы газ тасымалдау жүйесі екі параллель құбырдан тұрады және бастапқы деректер жарылыс солардың бірінде болғанын көрсетеді. Басқа құбырға зақым келген жоқ», делінген компания таратқан хабарламада. 

Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.