Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» атты көрмеде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы «Абу-Даби Плаза», «Астана-ЭКСПО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы тәрізді жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту және қала сыртындағы Borovoe Country Club коттедж кентінің, гольф-клубтың, сондай-ақ, Назарбаев Университетінің ғылыми-зертханалық кешенінің жобалары көрсетілді.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, «Верный капитал» компаниясы жобалаған қала маңындағы коттедж-үйді қарап көрді.
Ақмола облысы,
Бурабай кенті.