• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Қаңтар, 2023

Халық жаңашылдықты күтеді

255 рет
көрсетілді

Сенат депутаттарын сайлау аяқталды. Жақында Мәжіліс депутаттарының сайлауын күтіп отырмыз. Бұған дейін Үкіметтің құрамы ішінара жаңартылғанын көрдік. Елімізде болып жатқан осындай саяси өзгерістер тың серпіліс әкеледі деп сенеміз.

Үкіметтің жаңа құрамы толық жасақталды деп айтуға әлі ерте. Үкіметке тағайындалып жатқан жаңа министрлерге қатысты қоғамда әртүрлі пікір бар. Біреулері тәжірибесі аз десе, енді бірі жас дейді. Яғни «Халықаралық аренада өздерін қалай ұстай алады?», «Еліміздің абыройы мен атағын белгілі деңгейде қорғай ала ма, жоқ па?» деген қорқыныш бар. Бұған да көңіл бөлуіміз керек. Айтпағым, елдің арасында жүріп, оларды халық танып, беделі көрініп жатқандар сайланатын болса, жұрт та оны қолдап, оң көзқараспен қарайтыны анық. Жаңадан сайланып жатқан депутаттар елімізге бір өзгеріс әкелетінінен үміттіміз.

Халықтың ішінен жаңа тұлғалар билікке келетін болса, онда көп өзгеріс болатыны сөзсіз. Халық идеясы мықты, іскерлігі жоғары жаңа адамдарды күтеді. Елдің санасында қалып қойған кешегі Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Амангелді Айталы сияқты тұлғалар бар. Неге қазір осындай адамдар жоқ?! Бұл тұлғалар қазіргі депутаттарға үлгі болу қажет. Шынын айтсақ, қазіргі депутаттарды ел-жұрт танымайды және кім екенін білмейді. Оларды қарапайым халық білмесе, қандай өзгеріс күтуге болады? Неғұрлым көп өзгерісті күту үшін сайлау әділ және ашық өтуі қажет.

Президент өзгерістерге бастама болатын бір­қатар мүмкіндікті көрсетіп берді. Оны жүзеге асы­ратын осы жаңа құрам. Үмітіміз өте зор. Де­пу­тат­тар халықтың мүддесін қорғайды деген сенім­деміз.

 

Қайрат АЙТБАЙ,

саясаттанушы