Қатты аяз салдарынан Қырғызстандағы Ыстықкөл қатып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Хабар 24» ақпараты бойынша, Қырғызстанның солтүстігіндегі температура -30 градусқа дейін төмендеді.
Жергілікті тұрғындар бұл құбылысқа алаңдаушылық білдірді. Әдетте Ыстықкөл мұзбен жабылмайды. Бұл ретте су қоймасының атауы «Ыстық көл» деп аударылуы кездейсоқ емес. Бұл оған құятын өзендерден жинақталған жылу қорына байланысты.