• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2023

Қазақстан қылмыстық сот төрелігі деңгейі бойынша нешінші орында?

480 рет
көрсетілді

Қазақстандағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың төрттен үш бөлігі меншікке қарсы бұзушылықтарға тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы Қазақстан қылмыстық сот төрелігі деңгейі бойынша елдер рейтингінде әлем бойынша 62-ші орынды иеленді. Бұл - рейтингке қатысатын барлық ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш. Айта кетсек, рейтингте барлығы 140 орын бар.

Өзбекстан - 65-ші, Беларусь - 76-шы, Молдова - 85-ші, Украина - 93-ші, Қырғызстан - 114-ші, Ресей - 123-ші орында.

Еуропа елдері бойынша Норвегия, Финляндия және Дания рейтингте көш бастады, үздік төрттікке Венесуэла кірді.

Finprom деректеріне қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 149,4 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен бірдей. Атап айтқанда, 63,6 мың жағдай - ауырлығы орташа, 41,4 мың - ауыр, 21,9 мың - ауырлығы аз, 2,1 мың жағдай - аса ауыр. Тағы 20,4 мың жағдай теріс қылықтарға жатқызылды.

Өңірлік бөліністе қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелді (32,9 мың жағдай). Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 29,4%-ға артық. Антилидерлердің үштігіне Астана (15,9 мың жағдай, плюс 5,1%) және Алматы облысы (11,9 мың жағдай, минус 13%) кірді.

Ең аз құқық бұзушылық жаңадан құрылған өңірлерде — Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.

Ең көп қылмыстық құқық бұзушылық, яғни 114,3 мың жағдай мүлікке қарсы құқық бұзушылық саласында тіркелген.