• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Қаңтар, 2023

Доллар бағамы көтерілді

296 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге көтеріліп, 462,69 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 14-16 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 462,29 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір  Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,29 теңгеден сатып алынып, 465,39 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 461,47 теңге, сату – 465,09 теңге.