• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2014

Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы

388 рет
көрсетілді

2014 жылғы 11 маусымда Қарағанды облыстық сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 218-бабының 6-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды облыстық соты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 218-бабы 6-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныммен Конституциялық Кеңеске жүгінді, яғни Азаматтық кодекстің 218-бабы 6-тармағының ережелеріне сілтеме жасай отырып, мүлікті мәжбүрлі түрде жария саудаға салып сату туралы мәселе қойған, бұл тармаққа сәйкес осы баптың 3-5-тармақтарында баяндалған ережелер бойынша ортақ мүлiктi бөлу iсiн жүргiзудiң не одан үлестi бөлiп шығарудың тиiмсiздiгi айқын болған жағдайда сот мүлiктi жария саудаға салып сатып, кейiн одан түскен соманы ортақ меншiкке қатысушылар арасында олардың үлестерiне сәйкес бөлiп беру туралы шешiм шығаруға құқылы. Конституциялық Кеңес ұсынымды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдар өкіл­дерінің Кеңес отырысында сөйлеген сөздерін тыңдап, ой-тұжырымдарын, сарап­шылардың қорытындыларын, сонымен қатар, өзге де конституциялық іс жүргізудің материалдарын зерделеп, келесі қорытындыларға келді. 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХІІІ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 218-бабының 6-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХІІІ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциялық Кеңесінің осы нормативтік қаулыда баян­далған құқықтық ұстанымдарына сәйкес­тендіру мақсатында оған өзгерістер мен толық­тырулар енгізуге бастама жасау мәсе­лесін қарау ұсынылсын. 3. Қазақстан Республикасының Жоғар­ғы Сотына, Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 81-бабы негізінде бірың­ғай сот практикасын қамтамасыз ету мақ­сатында,1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХІІІ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 218-бабының нормаларын және солармен байланыс­ты заңнамалық ережелерді Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциялық Кеңесінің осы нормативтік қаулысында белгіленген конституциялық-құқықтық мағынасында қолдану мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулы қабылдау ұсынылсын. 4. Қазақстан Республикасы Конституция­сының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бас­тап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жал­пыға бірдей міндетті және Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.
Соңғы жаңалықтар