Бұл туралы халықаралық сарапшылар айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.
«Қазақстандағы жаңартылатын және баламалы энергия көздері дәйекті түрде дамытып келеді. Күн мен жел факторлары, сондай-ақ ұлан-ғайыр жеріміз Қазақстанның климатты сақтау жолындағы жаһандық іс-әрекеттерге атсалысып, жаңартылатын энергия секторында көш бастауына мүмкіндік береді. Осыған байланысты біз инвесторларға анағұрлым ұтымды шарттар ұсыну үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіріп жатырмыз. Жалпы, біздің жоспарымыз бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда 6,5 ГВт жаңартылатын энергия ресурсы пайда болады. Бұл орайда «жасыл сутегі» – келешегі зор бағыттың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, еліміз сутегін экспорттаушылардың алғашқы ондығына кіре алады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.