• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2014

Жоғары стандарттарды сақтаудың мәні зор

245 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев Қазақстан Пре­зиденті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ая­сында «Польфарма» ба­қы­лаушылар кеңесінің пре­зиденті Ежи Старакпен кездесті, деп хабарлады Пре­зиденттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында компания қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ, оның Қазақстанның индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуы сөз болды. Мемлекет басшысы елдегі денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін фармацевтика саласында жоғары стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. «Польфарма» – Польшаның дәрілік препараттар мен белсенді фармацевтикалық заттар шы­ға­ратын ірі өндірушісі. 7,5 мыңға жуық адам жұмыс істейтін ком­пания 600-ге жуық атаулы өнім шығарады.