• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Қаңтар, 2023

Баянауылға жаңа әкім тағайындалды

573 рет
көрсетілді

Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ардақ Кісентаев бұған дейін осы өңір басшысының орынбасары қызметін атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Баянауылда Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауданның жаңа басшысын таныстырды. Аймақ басшысы Серік Батырғожиновке Баянауыл ауданының әкімі лауазымындағы жұмысы үшін алғысын білдірді. Ал жаңа әкім Ардақ Кісентаевқа жұмыста табыс тілеп, оның алдындағы басты міндеттерді белгіледі.

Ауданның жаңа әкімі елді мекендерді сумен жабдықтау бойынша жобаларды жалғастырып, жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды жөндеуге назар аударып, жаңа туристік маусымға дайындықты бастауы тиіс. Өңір басшысы бұл жұмыстардың бағасын тұрғындар беруі тиіс екенін, ол үшін аудан тұрғындарымен тұрақты және тиімді диалог орнату қажеттігін атап өтті.

Ардақ Кісентаев 1981 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сәтбаев атындағы ауылда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.Еңбек жолын 2005 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бастаған. 2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2011-2022 жылдары «Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді(жетекші маман, бас маман, ауылдық округ әкімі). 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Атап өтерлігі, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбектеніп келе жатқан Серік Батырғожинов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне ауысты. Ол өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және инвестициялар, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және туризм салаларына жетекшілік ететін болады.