Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің аясында «Гленкор Экстрата» компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында энергетика, тау-кен металлургиясы және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Автомобиль, металлургия, азық-түлік және энергетика салаларында жұмыс істейтін «Гленкор Экстрата» компаниясы өнеркәсіптік және шикізаттық тауарлар жеткізетін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі саналады.