• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2014

Банк секторының әлеуеті аталды

273 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан Президенті жанындағы Ше­тел инвесторлары кеңесінің аясында «Ресей Сбербанкі» ААҚ президенті және бас­қар­ма төрағасы Герман Грефті қа­был­дады, деп хабарлады Пре­зи­денттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметі, оның еліміздің қаржы-экономикалық секторын дамытуға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Гер­ман Греф республиканың банк саласының дамуындағы оң қар­қынға тоқтала отырып, оның өсіп келе жатқан әлеуетін атап өтті. «Ресей Сбербанкі» ААҚ – Ресей Федерациясы мен ТМД ел­дерінің аумағындағы ірі банк. Оның қызметін 100 миллионнан астам жеке тұлға және 1 мил­лионға жуық кәсіпорын пайдаланады. 15 филиалы бар «Ресей Сбербанкі» АҚ еншілес банкі Қазақстанда 2006 жылдан бері жұмыс істейді.