Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионаты алғашқы күнінің қорытындысы бойынша доп беруден үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Рыбакина италиялық Элизабетта Коччареттомен матчта екінші сеттің соңында 195 км/сағат жылдамдықпен доп берді. Бұл осы уақытқа дейін әйелдер арасында үздік көрсеткіш саналады.
Осы «Үлкен дулыға» додасының 22-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ертең екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кортқа шығады.