Қостанайда өрт шығу жағдайлары жиіледі. Өкінішке қарай, өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш екі есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың көбі соңғы аптада болған. 9 қаңтар мен 15 қаңтар аралығында 28 өрт шығу дерегі тіркелген. Өрт салдарынан қайтыс болған адамдар да бар.
«11 қаңтар күні Ұзынкөл ауылында жеке тұрған үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру кезінде 2 адамның мәйіті табылды», делінген қалалық ТЖ департаменті таратқан хабарламада.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті