• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2023

Серік Күдебаевтің ісі бойынша сот отырысы өтті

232 рет
көрсетілді

Бүгін, 17 қаңтар күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрыңғы бастығы Серік Күдебаевтің ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотта 18404 әскери бөлімі командирінің орынбасары Аркадий Бурмич куәгер ретінде сөйледі.

Айыптаушы тарап 2022 жылдың 5 қаңтарында болған жағдайға байланысты әскерилердің оқиға кезінде қай жерде болғандарын және тәртіпсіздік кезінде не істегендерін сұрады.

Аркадий Бурмичтің айтуынша, оқиға кезінде 200-ге жуық әскери қызметкер Алматы облыстық полиция департаменті мен Талдықорған полиция басқармасының аумақтары мен ғимараттарын күзетуге жіберілген.

Куәгер бұрынғы облыстық полиция бастығы Күдебаевтың әрекетсіздігіне қатысты нақты пікір білдіре айта алмады.

Еске салайық, 2022 жылдың  13 мамырында Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті