• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 17 Қаңтар, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентінің «Әл-Уатан» сарайына барды

268 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, еліміздің әнұраны орындалды.

Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.