• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қаңтар, 2023

Абай облысында әуежай маңынан табыт табылды

457 рет
көрсетілді

Абай облысының Полиция департаменті табыт табылғанын хабарлады. Оның ішінде адам қалдықтары болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежай аумағында қалып қойған.

«Аталған факт бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады», деп жазылған облыстық ПД таратқан хабарламада.