• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әдебиет 17 Қаңтар, 2023

Жазушы кітабы Анкарада таныстырылды

451 рет
көрсетілді

Анкара қаласында белгілі жазушы, драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Махаббат және өшпенділік» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Мазмұнды іс-шараға ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев, Еура­зия Жа­зу­шылар одағының төр­­­ағасы Якуп Өмероғлу, Қазақ­стан мәдениет және сау­да орталығы төр­­аға­сының орын­басары, Дү­ниежүзі қа­­зақтары қа­уым­дас­ты­ғы­ның Түркия­дағы өкілі Ер­жан Уәйіс, Түрік тілі мен әде­­биетінің профессоры, академик Орхан Сөй­лемез, Түркиядағы Қа­зақ­стан ел­шілігінің кеңес­шісі Мерей Мұ­қажан және сондағы қа­зақ диас­по­расы­ның өкіл­дері қатысты.

Таныстырылым ба­ры­сында алғашқы сөз кезе­гін алған ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұл­тан Раев жазушының шығар­ма­шылығы туралы парасатты ой өрбітіп, осы кештің өтуі­не ұйытқы болған Қа­зақ­станның Түркиядағы ел­шілігі мен Еуразия Жа­зушылар одағына алғы­сын айтты. Сондай-ақ Еу­ра­зия Жазушылар ода­ғы­ның төрағасы Якуп Өмер­­оғлу қаламгердің шығар­мала­рында қа­зақ хал­қының ұлттық құн­ды­­лық­тарына зор мән бе­рілгенін айтса, әде­биет зерт­теушісі, ғалым Ор­хан Сөйлемез автор­дың түрік тіліне ауда­рыл­ған бұл еңбегінде қа­зіргі заманның өзекті мәсе­лелері философиялық тұр­ғыдан қарастырылып, әр ха­лықтың ұлттық болмысын сақтауға үндейтінін сөз етті.

Сонымен қатар кеште Жолтай Жұмат-Әлмашұлы да сөз алып, ол осыдан 30 жыл бұрын Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымының құ­рылтай құжаттарына қол қою үрдісіне өзінің де үлес қосқанын және бүгін ТҮРКСОЙ-дың 30 жыл­ды­ғында Түркияда жарық көр­ген екінші кітабының тұ­саукесері өтіп жатқанына қуанышты екенін жеткізіп, қазақ жерінде өмір сүрген түркі әлемінің айтулы тұл­ғалары Әл-Фараби мен Қо­жа Ахмет Ясауи туралы жазған туындыларына тоқ­­талды.