• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №138-Ө

395 рет
көрсетілді

2014 жылғы 1 сәуір,  Астана қаласы «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 25) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілсін. 2. Халықты жұмыспен қамту департаменті: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Т.ДҮЙСЕНОВА. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Ә.Смайылов 2014 жылғы 2 сәуір Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №138-Ө бұйрығына қосымша Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер Есепті кезең 20__ жылдың ____ айы Индексі: 1-жұмыстан босату Кезеңділігі: ай сайын Ұсынушылар: Қызметкерлерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырған кәсіпорындар Мәліметтер өңірлік жұмыспен қамту органдарына ұсынылады Ұсыну мерзімі: есепті айдың 1-күніне жол-дың шиф-ры жұмыстан босатыла- тын қызмет- кердің тегі, аты, әкесінің аты(қыз- меткердің келісімі- мен) жұмыстан босатылатын қызметкердің туған күні, айы, жылы жұмыстан босату жоспарланып отырған қызметкердің жынысы білім деңгейі кәсібі (қызметкердің білімі туралы құжат бойынша мамандығы) қазіргі жұмыс орны бойынша кәсібі (лауазымы) кәсібі бойынша жұмыс өтілі жұмыстан босатылатын қызметкердің біліктілігі қысқартылатын лауазым бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен) жұмыстан босатудың күтілетін күні Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша коды кәсібінің атауы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Барлығы___________________адам Нақты жұмыстан босатылған қызметкерлер (жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен) __________________адам Кәсіпорындағы қызметкерлердің тізімдік саны (тізімдерді ұсынған күнге) _____________________адам Қызметкерлерді жұмыстан болжамды босатудың себебі (кәсіпорынның таратылуы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы)____________________________________ МО күні 20___жылғы «___» _______________________________ Басшы __________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) қолы Орындаушы_____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) қолы Телефоны _______________________________________________________ Экономикалық қызметтің жалпы сыныптаушы бойынша экономика саласы (қызмет түрі)_____________________________________________________ Кәсіпорын, мекеме, ұйым _________________________________________ Мекенжайы _____________________________________________________ ЖСН/БСН ______________________________________________________ Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме. «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме 1. Жалпы ережелер 1. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуымен не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуымен, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруымен байланысты «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктіліктерін және еңбекақы мөлшерін және олар жұмыстан босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын жұмыс беруші қызметкерлердің саны мен санаттары туралы деректерді ұсынады. 2. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 1-күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады. 3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды. 2. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер 4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. 5. 2-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің (қызметкердің келісімімен) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. 6. 3-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің туған күні, айы, жылы (кк.аа.жж.) көрсетіледі. 7. 4-бағанда жұмыстан болжамды босатылатын қызметкердің жынысы көрсетіледі. 8. 5-бағанда қызметкердің білім деңгейі көрсетіледі. 9. 6-бағанда қызметкердің кәсібі (білімі туралы құжат бойынша мамандығы) көрсетіледі. 10. 7-бағанда қызметкердің Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіптің коды көрсетіледі. 11. 8-бағанда қызметкердің Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіптің атауы көрсетіледі. 12. 9-бағанда кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетіледі. 13. 10-бағанда қызметкердің біліктілігі көрсетіледі. 14. 11-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің қысқартылатын лауазымы бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен) көрсетіледі. 15. 12-бағанда жұмыстан босатудың күтілетін күні көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9398 болып енгізілді.