18 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңынан жүріп, жылдамдықты сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалған. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды.